Сенат Төрағасы Пиа Каумамен кездесті
Сенат Төрағасы Пиа Каумамен кездесті
247
оқылды
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пиа Кау­мамен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Пар­ламенті Сенаты мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылады. «Парламенттік Ассамблеяның ЕҚЫҰ кеңіс­тігіндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа қатыс­ты өзекті мәселелерді шешуге нақты мүмкіндігі бар. Қазақстан парламентшілері ЕҚЫҰ ПА-ның сессияларына, оның комитеттерінің жұмысына және байқау миссияларының құрамында басқа да іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келеді. Сондай-ақ біз әріптестерімізбен сындарлы диа­логті одан әрі дамытуға мүдделіміз», – деді Мәу­лен Әшімбаев. Өз кезегінде Пиа Каума адам құқықтарын қор­ғау, демократия, заң үстемдігі сияқты түрлі б­­а­ғыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бе­йіл екенін білдірді. ЕҚЫҰ ПА вице-спикері бұл сапардың басты міндеттерінің бірі біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалармен егжей-тегжейлі танысу екенін атап өтті. Осыған орай Мәулен Әшімбаев мейманға Мем­лекет басшысының қоғамдық-саяси сала­дағы жүйелі жаңғыртулары мен реформалары туралы айтып берді. «Қолға алынған бастамалар еліміздің қол­даныстағы саяси жүйесін барынша ашықтық, есептілік пен тиімділік жағынан түбегейлі өзгер­теді. Соған сәйкес Сенаттың алдында Мемлекет бас­шысының барлық бастамасын заңнамалық тұр­ғыдан сапалы және уақытылы қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұр. Барлық заң са­рапшылармен және жұртшылықпен бірге алдын ала талқыланып, азаматтарымыздың пікірі еске­р­і­ле отырып қабылданады», – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар сұхбаттасу барысында қаңтар оқиғасы және Украина мен Ауғанстандағы жағдай да әңгімеге арқау болды.