Таразда алаяқ әйел жүргізуші куәлігінің фотосын 125 мың теңгеге сатқан. Одан бөлек, енді сол құжаттың түпнұсқасын алу үшін тағы да 80 мың теңге талап еткен.
Құжатты жалған екенін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» қызметкерлері анықтаған.
Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚКО-ға Тараздың 27 жастағы тұрғыны жүргізуші куәлігін қайта қалпына келтіру үшін келеді. Телефоннан куәлігінің суретін көрсетіп, жүргізуші куәлігін жоғалтып алғанын айтады.
Бірақ ІІМ ақпараттық ресурстары бойынша тексеру кезінде Жамбыл облысы ПД ӘПБ процессинг орталығының қызметкерлері оның ешқашан жүргізуші куәлігін алмағанын анықтады.
Сұраған кезде жігіт мессенджер арқылы белгісіз әйел теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәлігін дайындап беруге уәде бергенін айтқан. Осы қызмет үшін ол картаға 125 мың теңге аударған. Бірақ әйел жүргізуші куәлігінің суретін ғана жіберіп, «түпнұсқаға» тағы 80 мың теңге талап еткен.
Бұл фактіге қатысты ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану арқылы жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін Тараз тұрғыны 125 мың теңгеге жүргізуші куәлігінің суретін сатып алғанын хабарлаған болатынбыз.