Шымкент қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Биыл 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, жария етуге болмайды.
Бұған дейін «Шымкентте баспасөз қызметкеріне қысым жасап, суицидке жеткізген кім?» деген мәселені жазған болатынбыз.