Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Прокурор Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

20 қыркүйек күні кешке Алматы тұрғыны Игорь Дужнов өзінің отбасын үйден шығаруға келген адамдарға оқ жаудырған. Екі полицей, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі және оның қасындағы адам қаза тапты.

Рая Мінап Рая Мінап
Сәуір 19, 2022
Игорь Дужнов

© exk.kz

157
қаралым

Прокурор бес адамды өлтірді деп айыпталған алматылық Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, – деп хабарлайды ҚазТАГ.

Бейсенбі күні өткен сот отырысында прокурор Дужновты төтенше режимдегі колонияда мүлкін тәркілеусіз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған.

2021 жылдың қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ ықшамауданында 5 адамды атып тастаған Игорь Дужновтың ісі қоғамда резонанс тудырған болатын.

20 қыркүйек күні кешке Алматы тұрғыны Игорь Дужнов өзінің отбасын үйден шығаруға келген адамдарға оқ жаудырған. Екі полицей, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі және оның қасындағы адам қаза тапты.

Игорь Дужнов ұсталып, «Адам өлтіру» және «Құқық қорғау органдары қызметкерінің жеке өміріне қол сұғу» бабы бойынша қылмыстық істі тергеу басталды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдіктінің отбасына тиесілі үй бұрын банкке қарыз болғаны үшін сатылған. Бұрынғы қожайын сот шешімімен келіспей, көшкісі келмеген. Сот үйдің жаңа иесінің жағына шықты.

Бұған дейін Дужнов адамдардың қазасына өкінетінін мәлімдеді. Ол «заңсыздық пен сот озбырлығы, сот орындаушының заңсыз әрекеттері» осындай күйге жеткізгенін атап өтті.

Оның әйелі Анаид Демирчян да мәлімдеме жасады. Ол мүліктің тиын-тебенге сатылып кеткенін айтты. Ол да сот орындаушысының әрекетіне шағымданды.

14 сәуірде Дужновтың оғынан қаза тапқан полицей Нұрбол Байғазиевтің жесірі Әлфия Байғазиева күдіктіден 1,38 миллион теңге материалдық шығын мен 1 миллиард теңге моральдық шығынды өтеуді талап еткен.

Тегтер: АлматыИгорь Дужновпрокурор
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

Атырауда көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған ер адам видеоға түсіп қалды

Сарқанда бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш ай бойы жатқан

Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы бір банк өтінім қабылдауды бастады

Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»