Президент Жаңа Қазақстан ұғымына анықтама берді
Президент Жаңа Қазақстан ұғымына анықтама берді
Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «АМАNAT» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі өтіп жатыр. Жиын барысында Президент Жаңа Қазақстан ұғымын түсіндірді.
«Біздің азаматтар «Жаңа Қазақстан деген не?» деп жиі сұрайды. Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа әрі нұсқа жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан, бұл – әділетті Қазақстан» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Жаңа Қазақстанды құру үшін батыл қадамдар жасауымыз қажет екенін баса айтты.
«Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте, партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды» – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Жаңа Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев партия­ның Төрағасы лауазымына Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановты ұсынып, оған ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат деп баға берді. Съезд делегаттары Президенттің ұсынысын қолдап, Ерлан Қошановтың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді. Мемлекет басшысы бүгінгі өзгерістер «AMANAT» партиясының заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашатынына сенім білдірді. Съезд барысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияны трансформациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқ­талды.