ADAL партиясы AMANAT партиясының құрамына енді. Делегаттар партиялардың бірігуін жақтап дауыс берді, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тұтастай алғанда, партия алаңында өзгерістер орын алып жатқанын көріп отырмыз. Басталған өзгерістердің жарқын көрсеткіші – ADAL партиясының AMANAT партиясымен бірігу бастамасы», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бұл маңызды қадам AMANAT партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізетінін айтты.
«Жаңа Қазақстанды құрамыз десек – елге жанашыр, қоғамдық саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан ADAL партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. ADAL – өз жақтастары бар, қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша мәні зор. Осы маңызды қадам AMANAT партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізеді деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы.