Қарағандылық полицейлер ақтөбеліктің жүк көлігінен 18 тоннадан астам балықты тәркіледі
Қарағандылық полицейлер ақтөбеліктің жүк көлігінен 18 тоннадан астам балықты тәркіледі
280
оқылды
Қарағандылық полицейлер Ақтөбе тұрғынының жүк көлігінен 18 тоннадан астам балық тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
22 сәуірде Қарағанды облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Уылдырық шашу” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. 8.40 шамасында Қарағандыға кіре берістегі Екатеринбург-Алматы автожолында полицейлер Ақтөбенің 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы жүк көлігін тоқтатты.
Көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан шашылған 17 тонна сазан және 1 тонна 200 келі беріш балығы табылды.
Жүргізушінің айтуынша, ол балықтарды Балқаштағы жеке кәсіпорындардың бірінен тиеп, Ақтөбе қаласына апара жатқан. Бірақ ер адамның тиісті рұқсат құжаттары жоқ болып шықты.