2021 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында тіркелді. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халықтың үлесі 2021 жылы 5,2% құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылы – 5,3% шамасында болған.«2021 жылы өңірлер бөлінісінде кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан (9,8%), Маңғыстау (8,6%) Ақмола (6,4%) облыстарында, ең аз үлесі - Нұр-Сұлтан (2,2%) қаласында тіркелді»,– делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.Ұлттық статистика бюросы қала мен ауыл тұрғындарының табысының айтарлықтай айырмашылығын атап өтті.
"Қалалық жердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 3,8%, ал ауылдық жерде 7,2%. 2021 жылы қала мен ауылдағы кедейлік деңгейі арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,1 есе) және Маңғыстау (4,3 есе) облыстарында байқалды», - деп нақтылады ведомство.