Ерлан ҚАРИН: Саяси уәдесін орындады
Ерлан ҚАРИН: Саяси уәдесін орындады
168
оқылды
– «AMANAТ» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде саяси ұйымның құрамына «ADAL» партиясы қосылды. Бұл басқарушы партияның электоральдық базасын ұлғайтуға оң ықпал етеді. Мұны «AMANAT» партиясын трансформациялау бойынша наурыз айында көтерілген бастаманың заңды жалғасы деп түсінгендеріңіз жөн. Сонымен қатар, «AMANAT» бұрынғысынша Президент реформаларын қолдаушыларды шоғырландыратын орта болып қала береді. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы қаңтар айында партия төрағалығына сайланғанда бұл қызметті уақытша, жылдың соңына дейін ғана қабылдағанын айтқан болатын. Енді міне, сол саяси уә­десін орындап, партия құра­мы­нан да, төрағалығынан да шығып отыр. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ел Президенті өзінің уәкі­лет­тілігін атқарған кезде ешқандай саяси партияға мүше бол­мауы керегін ескерткен. Ол туралы норманы Конституцияға бекіту жөнінде ұсыныс айтқан болатын. Сөйтіп, Президент Конституцияға өзгерістер енгізілгенін күтпестен, өзі көтерген саяси реформаларды жүзеге асыруға кірісіп кетті.