Конституциялық өзгерістер жобасы мыналарды көздейді:
Біріншісі – жан-жақты ойластырылған, дәйекті ауқымды саяси жаңғыртуды жалғастыру. Елбасы жариялаған барлық саяси реформалар – 4 саяси реформалар пакетінің заңды жалғасы, оның аясында Мемлекет басшысы үш Жарлыққа қол қойып, 17 заң қабылдады. Бұл ретте Конституцияның 30 бабы, 7 конституциялық заң, 15-тен астам заң өзгертіліп, 20-дан астам жаңа заң жобасы әзірленетін болады.
Екіншісі – президенттік өкілеттіктер аясының азаюы. Бұл ретте алғаш рет саяси, құқықтық және моральдық шектеулер белгіленді, ол Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік секторлардың басшылары лауазымдарын атқаруына заңнамалық тыйым салуды енгізуден көрініс тапты.
Үшінші – тежемелік және тепе-теңдік жүйесін одан әрі нығайту. Бұған дейін еліміздің барлық заңдарын Сенат қабылдайтын, яғни соңғы сөз Жоғарғы палатаға арналды. Енді Мәжіліс заңдарды қабылдайды, ал Сенат мақұлдайды немесе бекітпейді. Бұл ретте заң жобасының соңғы нұсқасы Мәжілістен келеді.
Төртінші – сайлау жүйесін одан әрі жаңғырту. Көрсетілгендей, пропорционалды және мажоритарлық жүйелер тандемінің әлемдік тәжірибесі, тағы да басқа сайлау жүйесінің аралас моделін қолдану жиі негізделген және тиімді. Аралас сайлау жүйесі: 1) өңірлік өкілдікті қамтамасыз етуге және аймақтардың мүдделерін ілгерілетуге; 2) партиялық жүйені бір мезгілде дамыту. Оның үстіне, көп жылдар бойы сынға ұшыраған аумақтық сайлау комиссияларының жұмысы түбегейлі өзгеріп, енді оның кәсіби негізде жасақталып, жұмыс істейтініне ерекше назар аудару керек.
Бесіншіден, аймақтардың тәуелсіздігін нығайтып, өңірлерді дамытуға көңіл бөлу, 3 жаңа әкімшілік бірліктің пайда болуы, аудандық, қалалық мәслихаттарға сайлаудың мажоритарлық жүйесін және облыстық мәслихаттарға сайлаудың аралас жүйесін енгізу, облыс әкімі лауазымына кемінде 2 кандидатты баламалы негізде Президент ұсынуы. Мәслихаттардың, Ұлттық құрылтайдағы облыстық өкілдіктің келісімін алу – барлығы: 1) облыстың үні естілуіне, өңірдің пікірі ескерілуіне мүмкіндік туғызады; 2) аймақтық күн тәртібін дербес анықтауға мүмкіндік береді.
Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА,
Қазақстан стратегиялық
зерттеулер институты
директорының орынбасары