Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 3,91 теңгеге арзандады. 1 доллар - 449, 55 теңге болды.
Ұлттық банктің 27 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 453,53 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы - 447,98 теңге, сатып алу – 452,44 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату - 450 теңге болса, сатып алу – 452,80 теңге.