СІМ ресейлік журналист Тигран Кеосаянның мәлімдемесіне қатысты жауап берді
СІМ ресейлік журналист Тигран Кеосаянның мәлімдемесіне қатысты жауап берді
Фото: Inbusiness
232
оқылды
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ресейлік журналист Тигран Кеосаянның сөздеріне қатысты мәлімдеме жасады. 
«Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның орынсыз қорлайтын және объективті емес сөздері еріксіз назар аудартады. Бәлкім, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін болар. Алайда елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сай келмейді», - деді СІМ баспасөз хатшысы.
Айбек Смадияров мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын улайтынын және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының «пайдасына» түсетінін айрықша атап өтті.
«Ол Қазақстанға кірмеуі мүмкін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын», - деді А.Смадияров.