Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда 35 жастағы ер адам брондалған барлау-шолғыншы көлігін (БРДМ-2) заңсыз сатуға тырысқан. Бұл туралы 12 сәуірде полицияға жедел ақпарат түскен. Оны Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы азаматқа тиесілі әскери көлік табылып, тәркіленген.
https://www.youtube.com/watch?v=SIEBbmeneB4
Қазіргі уақытта дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу") бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған.