Атырау облысындағы мектеп сыныбын миллиард теңгеге жасақтамақ болған
Атырау облысындағы мектеп сыныбын миллиард теңгеге жасақтамақ болған
©kazpravda.kz
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, Атырау облысы Мақат ауданындағы мектеп оқу сыныбын жасақтау бағасын асыра көрсеткен. «1 миллиард теңгеге Мақат аудандық білім бөліміне қарасты Б.Қанатбаев атындағы орта мектепте қыздарға арналған технология кабинетін сатып алу жоспарланған», – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Кейін мекеме мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысына бағаның ретке келтіруін сұрап, ұсыныс хат жіберген. Нәтижесінде, бұл сомма миллиардтан 12 миллионға қысқарды. «Ұсыныс хаттың арқасында сома 12 млн теңгеге өзгерді. Осылайша, 1 059 428 571 теңге бюджет қаржысын үнемдей алдық», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Бүгінде оқу кабинеттерінің орташа бағасы 3,5 миллионнан 7 миллион теңгеге дейін барады.