Доллар екінші күн қатарынан арзандап жатыр
Доллар екінші күн қатарынан арзандап жатыр
© pixabay
369
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандады.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 61 тиынға арзандады. 1 доллар 448, 49 теңге болды. Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 449, 55 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 450, 34 теңге, сатып алу – 454 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 449,46 теңгеден болса, сатып алу құны – 451, 67 теңге.