Закиржан Кузиев Мәжіліс депутаты болып сайланды
Закиржан Кузиев Мәжіліс депутаты болып сайланды
© assembly.kz
391
оқылды
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың нәтижесін жариялады.  2 кандидат дауысқа түсті. Сайлаушылар тізіміне 527 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 425 адам немесе 80,65 проценті дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша, Закиржан Пірмухамедұлы Кузиевке 259 дауыс немесе бүкіл дауыстың 60,94 проценті берілді, Виталий Ионо Тварионасқа - 128 дауыс немесе сайлаушылардың 30,12 пайызы дауыс берген. «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны - 25 (5,88%). Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаты болып 1969 жылы туған, «Универсал» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, Алматы қаласында тұратын, ұйғыр Закиржан Кузиев сайланды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында Мәжілістің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берген еді.