Алматыда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Алматыда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
299
оқылды
Алматыда Әл-Фараби даңғылында жол апаты болып, салдарынан көлік жүргізушісі қаза тапты. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Алматы полициясы мәліметінше, көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болған.
"Оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Nissan көлігінің жүргізушісі жолдағы көліктерге соқтығысып, салдарынан аударылып қалған. 1951 жылы туған жүргізуші оқиға орнында қаза болды. Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалады, оның ішінде адам өліміне де қатысты", - деді Алматы ПД Анықтау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.