Атырауда 4-қабаттан құлаған 4 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр
Атырауда 4-қабаттан құлаған 4 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр
439
оқылды
Атырау қаласында 4-қабаттан құлаған 4 жасар бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды inform.kz. Облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, емдеу орнына 4 жасар қыз кеше, 27 сәуірде түскен.
«Кішкентай қыздың жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың басында жарақаты, денесінде көптеген сынық бар. Дәрігерлер науқасқа шұғыл ота жасады. Ота 2,5 сағатқа созылды. Аурухана дәрігерлері науқасқа барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр», -деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Кішкентай қыз ас бөлмесінің терезесінен құлаған. Бұл кезде әкесі басқа бөлмеде болған.