Білім басқармасының өкілі мұғалім мен оқушының жанжалына қатысты пікір білдірді
Білім басқармасының өкілі мұғалім мен оқушының жанжалына қатысты пікір білдірді
Фото: tengrinews.kz
324
оқылды
Талдықорғанда мұғалім мен оқушы арасындағы жанжалға киім үлгісі түрткі болған.
«Жанжал киім үлгісіне қатысты болған. Яғни, оқушының сыртқы келбеті ұстазына ұнамаған. Сол себепті, мұғалім ашуға булығып, оқушыға дөрекілік көрсеткен. Қыз бала да дөрекі жауап қайтарған» делінген Алматы облысы білім басқармасының хабарламасында.
Мұғалімге өзі үлгілі санайтын оқушының киім үлгісі ұнамаған. Осы оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі этика кеңесін өткізді. Екі тарап бір-бірінен кешірім сұрады.

Мұғалім өз еркімен жұмыстан шығып кетті.