Bek Air ісі: Алматыдағы ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталды
Bek Air ісі: Алматыдағы ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталды
Фото: mail.ru
421
оқылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы қаласы әуе айлағының аумағында Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 әуе кемесіне қатысты орын алған авиациялық оқиғаны тексеру жұмыстары аяқталғаны туралы хабарлады.  Қазақстан мен шетелдегі авиация саласына қатысты мамандар жан-жақты тексере келе, Bek Air әуе кемесінің апатқа ұшырауына ұшақ әуеге көтерілген кезде қанатының күш түсетін қасиеттерінің симметриясын жоғалтуы себеп болған. Соның кесірінен ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін фюзеляжға құлап, жерде оңға қарай ауып кеткен. Одан кейін әуежайдың периметр бойынша қоршауын бұзып, аталған қоршаудан 9-10 метр қашықта орналасқан екі қабатты жекеменшік үйге соғылған. Комиссия қорытындысына сәйкес, ұшақтың қанаттарына мұз қатып қалғаны себеп болуы ықтимал. Қорытынды есеп егжей-тегжейлі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сайтында жарияланған.