Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер енгізілетінін айтты.
Президенттің айтуынша, алдағы уақыттағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды.
«Конституцияға түбегейлі сипаттағы және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін өзгерістер енгізу бастамасын көтердім. Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшіп жатырмыз. Мұндай сапалы ауысуды екінші республика деуге болады.
Жұмыс тобы негізгі заңның 33-бабына түзетулер дайындады. Ал бұл - бүкіл Конституцияның үштен бірі. Аталған өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңеске берілді. Жуырда шешім шығарады», – деді Президент.