Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясы өтіп жатыр, – деп жазады inform.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиында жаһандық технологиялық жаңа үдерістер кезінде ұлттың гуманитарлық қуаты айрықша рөл атқаратынына тоқталды.
«Елдің тұрақты дамуы оның табиғи байлығына емес, азаматтарының білімі, қарым-қабілеті, жаңашылдығы мен жасампаздығына байланысты. Бүгінгі әлем экономикасын білім және инновация экономикасы деуге болады. Себебі, бұлар тауар өндіру және қызмет көрсету жүйесін түбегейлі өзгертіп жатыр. Бір сөзбен айтсақ, бүкіл өмір салтымыз өзгеріп барады», – деді Президент.