Бір айдан кейін Ұлттық құрылтайда қандай мәселелер талқыланады?
Бір айдан кейін Ұлттық құрылтайда қандай мәселелер талқыланады?
Фото: goodnewsfromindonesia.id
300
оқылды
Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясы өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір айдан кейін Ұлттық құрылтай өтетінін айтты.
«Бір айдан кейін жаңа диалог алаңы – Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді. Құрылтайда қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыланады», – деді Президент.
Мемлекет басшысы осыған дейін елдің тұрақты дамуы оның қазба байлығына емес, азаматтардың біліміне байланысты екенін айтқан болатын.