"Қазгидромет" РМК 30 сәуір мен 1-2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Демалыс және мереке күндері күн суық болады. 1 мамырда тағы бір суық антициклон ел аумағына басып кіріп, жылы ауа массаларын елден тыс жерлерге ығыстырады. Суықтың көп бөлігі солтүстік өңірге тиесілі болады, мұнда термометр бағаны түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді", — делінген хабарламада.
Мамандар демалыс күндері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында күн жылы, бірақ жауын-шашын болатынын болжады.