СҚО ауылдарының бірінде тұрғын үй өртеніп, 4 адам қаза тапты
СҚО ауылдарының бірінде тұрғын үй өртеніп, 4 адам қаза тапты
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі
335
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысына Ақжар ауылының Май ауылында болған өрт салдарынан 4 адам қаза тапты, – деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.  29 сәуірде сағат 03:28-де кезекші пультіне жеке тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Ауыл ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілердің айтуынша, өрт кезінде үйде адамдар болған.
«Оқиға орнына жеткен № 8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру қарауылы дереу өртті сөндіруге кіріскен. Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатқан. Өртті «Майское-Агро» шаруа қожалығының ерікті өртке қарсы құрамы сөндірген. Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылы туған әйелдің денесін тауып сыртқа шығарған. Өртті өшіру барысында үш ер адамның: 1958 жылы туған үй иесінің, сондай-ақ 1975 және 1967 жылдары туған қонақтардың жансыз денесі табылды. Сонымен қатар өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шықты», - делінген хабарламада.
Өрт 05 сағат 00 минутта ауыздықталып, 05 сағат 40 минутта толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 4 бірлік техника мен өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамынан, ЕӨҚҚ мен жергілікті тұрғындардан 14 адам жұмылдырылды.
«Өрт салдарынан үй толығымен өртеніп кетті. Оның себебі мен материалдық залал көлемі анықталуда. Көршілердің айтуынша, қайтыс болғандар үнемі алкогольді ішумен әуестенген», - делінген ТЖД хабарламасында.