Тоқаев танымал блогердің сауалына жауап берді
Тоқаев танымал блогердің сауалына жауап берді
461
оқылды
Қазақ тіліндегі видеоларымен танымал болған блогер Алексей Лодочников TikTok желісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге түсірілген видеосын жариялады. Лодочников Мемлекет басшысына сауал қойды.
“Менің президентім – краш деп жазып жатыр. Сіз жастардың кумиріне айналдыңыз. Ал сіздің крашыңыз кім?”, – деді блогер.
Президент оған “әрине, жастар, сіздерге зор үміт артамын” деп жауап берді. Видео Ақорда резиденциясында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясынан кейін түсірілген. Шарада Алексей Лодочников сөз сөйледі. Краш сөзі (ағылш. crush) – шын ұнататын адам; адамның жан-дүниесіне ләззат сыйлайтын нысан деген мағына береді.
@lodochnikov_Президент: Мой краш - это молодёжь 🔥 А кто твой краш?😍 ♬ оригинальный звук - Алексей Қайықбаев