Ырыз
Мені срочно газетке тіршілік қызға алуыңызды жалаймын». Арызды оқыған бас редактордың көздері көбіктеніп кеткендей болды. Блогерге суық қарады. – Мынауың не? – Арыз. – Арызыңда алты–жеті қате жүр ғой! Газит емес, газетінің деп жазу керек, Ат–жөнің шынымен Арытұр Әпшубаев па? – Жоқ, Артур. – Неменеге Арытұр деп жазасың? – Кешіріңіз, кемшіліксіз кісі болмайды. – Әпшубаевың не? – Ой, кешіріңіз, Әбішбаев. – Фамилияңды дұрыстап жаза алмайтын сенен қандай журналист шығады? Сен сияқты көлденең көк аттылар қаптап кетті. Бәрінің тілші болғысы келеді. Бәрі данышпан! Мұғалім де тілші, архитектор да тілші, сылақшы да тілші. «Тіршілік қызға алуыңызды жалаймын» дегеніңді түсінсем, тісім түсіп қалсын! Немене жаламақшысың? Жігіт ағасы арызына үңіліп, ішінен күбірлеп оқыды да: – Кешіріңіз, тілшілік қызметке алуыңызды сұраймын деп жазғым келген, какая разница, сөз жұмбақты да шешіп жатады ғой... Жұмысқа алмасаңыз, өкінесіз. Мен деген тума талантпын, мен деген дарынмын! –деді. Деді де, арызын қалтасына салып, кабинеттен аяғын кердеңдей басып, шығып кетті. Ой, тоба, осындай дүмбілез тілшісымақтар да блогер атанып, тілші атанып, әкімдерден сұхбат алып жүр–ау! Блогер демекші, жоғарыдағы оқиғаның оған түк қатысы жоқ, есінеп отырып, есіме түсіп кеткені ғой, жақында шымкенттік бәлеқор блогер полицияның қолына түсті. Жыртылған жалауларды суретке, бейнеге түсіріп, сонысымен басшыларды бопсалап жүрген тілшісымақ, блогер Ғани Өмірәлі пара алып тұрған жерінде тұтқындалды. Журналистер ауылын шаңдатып жүрген тілші тілін тістеп отыр. Өзіне де сол керек!Ратхұм МІРЕШ