Дихан Қамзебекұлы: Этностар санын айта бермеген жөн, Қазақстан біртұтас дейік!
Дихан Қамзебекұлы: Этностар санын айта бермеген жөн, Қазақстан біртұтас дейік!
411
оқылды
Жаңа Қазақстанның іргетасын құру үшін ел бірлігі мен мемлекетшілдік маңызды. Президент мемлекеттік мүдде жолында этностардың ұйысуын ауқымды өзгерістер факторы, алғышарты ретінде атап өтті. Жаңа Қазақстанның мәні осында. Біріншіден ел қауіпсіздігіне ықпал ететін, екіншіден әлеуеттік бастамаларды қолдайтын кешенді қайта құрылымдау. Зиялы қауым, білім мен ғылым мамандары осы бастамаларды қолдауға даяр. Өзгерісті өзімізден бастауымыз керек. Халқымызда «Жауды жеңген жарты батыр, өзін жеңген шын батыр» деген сөз бар. Өзін жеңу деген ол еңбекпен, береке, бірлікпен келеді. Ұлттық құрылтай парасатты пікірлерді ортаға салатын тамаша алаң болады деп есептеймін. Ұлттық ұйысуға байланысты бірнеше қағидатты айтқым келеді. Біріншісі – елдік пен мемлекетшілдік. Екінші қағидат – қоғамның жоғары мәдениеті. Үшінші қағидат – қоғамда еңбектің құндылығы. Білім саласының маманы ретінде ұсыныс айтқым келеді. Қоғамда жауапкершілік иммунитетін қалыптастыруымыз керек. Бұл білім саласының негізгі парқы десек те болады. Сондай-ақ бұдан былай бізде бәленше этнос бар деп олардың санын үнемі жарнамалап айту маңызды емес, Қазақстан біртұтас деп айту маңызды. Бізде ешқандай ұлтына, нәсіліне қарап бөлінбейді. Барлығы бірлікте деп айту маңызды.