Көлік апаты Павлодар ауданы Шақат ауылының жанындағы «Шақат – Восточный-Шалдай» автожолында болды, деп хабаралайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«30.04.2022 жылы сағат 09:05–те Павлодар ауданы Шақат ауылының жанындағы «Шақат – Восточный-Шалдай» автожолының 2 шақырымында «ВАЗ 2110» маркалы автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі «ГАЗ 53» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 2110» автокөлігінің жолаушылары зардап шекті. 1987 және 1978 жылы туған 2 зардап шегуші оқиға орнында қайтыс болды», - делінген ресми ақпаратта.
Одан бөлек, 1969 жылы туған жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
«Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалып, тексеру амалдары жүріп жатыр», - дейді ведомстводан.