Ерекше қажеттілігі бар балаларға күш көрсеткендерге ең қатаң жаза қолданылады – Бас прокурор
Ерекше қажеттілігі бар балаларға күш көрсеткендерге ең қатаң жаза қолданылады – Бас прокурор
437
оқылды
Ерекше қажеттілігі бар балаларға зорлық көрсеткендерге ең қатаң жаза қолданылады. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Ерекше қажеттілігі бар балаларға зорлық-зомбылық көрсету аюандық әрекет. Ақтөбедегі Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларға күш көрсету әрекетіне байланысты ең қатаң шара қолданылады. Қылмыстық Кодекстің 110 бабы, 2 тармағы бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы бақылауға алынды. Осы тектес мекемелердің барлығын тексеруді тапсырдым", –  деп жазды Бас прокурор.