Жазасын өтеушілерге ауызашар дастарханын жайды
Жазасын өтеушілерге ауызашар дастарханын жайды
845
оқылды
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті АП-162/4 мекемесінде сотталғандарға ауызашар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Рамазан қоржындары таратылды. Іс-шараны аймақтағы Мәшһүр Жүсіп мешіті мен «Ақниет» қоғамдық қоры бірлесіп өткізген. Онда алдымен «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қылышев сотталған азаматтарды Рамазан айымен құттықтады.  «Алла Тағала өмірде адам баласына бейнет-зейнет, неше түрлі сынақтар береді. Бұған төзімділік, сабырлық көрсетуіміз керек. Бір-бірімізге дұға қылып жүрейік. Осы жерден аман-есен шығып, келесі Рамазан айында отбасыларыңызбен болуға жазсын. Бүгінгі шараның мақсаты – Сіздермен кездесіп, Рамазан айымен құттықтап, көңіл-күйлеріңізді көтеру. Екі-үш күннен кейін айт мерекесі болады. Айт мүбәрак болсын! - деді Әбілқайыр Қылышев. Сөз соңында имам іс-шара ұйымдастыруға атсалысқан мекеме қызметкерлеріне алғыс айтып, алдағы өткізілетін іс шараларда да тығыз байланыста болатынына сенім білдірді.