Ақмола облысында үйден ер адамның мәйіті табылды
Ақмола облысында үйден ер адамның мәйіті табылды
257
оқылды
Ақмола облысының Зеренді ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Өртті сөндіру кезінде 37 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.
«Сәуірдің 30-да Зеренді ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты. Өрт болған үйден 37 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам иіс тиіп, көз жұмған. Сонымен бірге, денесін орташа күйік шалған 1961 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдай тұрақты деп отыр», - деді ведомстводан.
Тілсіз жауды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 8 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 115 шаршы метрді құрады.
«Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында зерттеу өрт зертханасы мен аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеуде», - деп толықтырды ведомстводан.