БҚО-да көлік өртенді
БҚО-да көлік өртенді
Фото: mgorod.kz
Батыс Қазақстан облысында тас жолда көлік өртеніп кетті, – деп хабарлайды mgorod.kz. Оқиға 30 сәуірде 19.00-де Төңкеріс ауылына жақын Подстепное – Федоровка автожолының 70-ші шақырымында болған. БҚО ТЖД мәліметінше, Lada Largus автокөлігі өртеніп кеткен. Оқиға орнынан шыққан өрт 19.58-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.