Ресейден төрт қонжықты заңсыз әкетіп бара жатқан азамат ұсталды
Ресейден төрт қонжықты заңсыз әкетіп бара жатқан азамат ұсталды
201
оқылды
Ресейден төрт қонжықты рұқсатсыз әкетіп бара жатқан азамат ұсталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құжат бойынша Зита, Гита, Чук және Гек деп аталатын екі айлық қонжықтар Орынбор облысы кеденшілері Сагарчин ауылы маңында тоқтатқан көліктің ішінен табылған. Жүргізушінің қолында аталған аңдарды Ресей аумағынан шығаруға рұқсат құжаты болмаған. Қоңыр аю – жер бетінен жоғалып бара жатқандықтан Қызыл кітапқа енгізілген, Жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық сауда конвенциясы аясында қорғалатын жануар. Құжат бойынша жергілікті сызрандық кәсіпкер оны Өзбекстан азаматына сыйлаған. Жүргізушінің сөзіне сенсек, ол жыртқыштарды өзбекстандық циркке апара жатқан. Қазіргі таңда Ресей қылмыстық кодексінің 226-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу жүріп жатыр.