Қазақстан мен Ресейдің ІІМ бірлесіп, 260 келі есірткі тәркіледі
Қазақстан мен Ресейдің ІІМ бірлесіп, 260 келі есірткі тәркіледі
Фото: polisia.kz
333
оқылды
Қазақстан мен Ресейдің Ішкі істер министрліктері есірткі тасымалын жою үшін арнайы тексеру жұмысын жүргізді, – деп жазады Рolisia.kz. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, күдіктілерге жедел әзірлеме жасау үшін ІІМ орталық аппараты, полиция департаменттері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылды. Омбы және Тараз қаласында бір мезгілде жүргізілген тексеру нәтижесінде, полицейлер Ресейдегі синтетикалық есірткінің негізгі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстады. Оларды тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы тұрғыны есірткіні дайындап, пошта арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Ол жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар – машина майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырып отырған. Полицейлер жалпы сомасы 9,5 миллионнан астам АҚШ доллары болатын 260 келі қолдануға дайын есірткіні тәркіледі. Былтыр қазан айы мен биыл сәуір айы аралығында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде, полицейлер Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан Қазақстанның 13 азаматын ұстады.   https://youtu.be/id81k3mnnsE