Қазақстанда депозиттер үшін ең жоғары мөлшерлеме көбейеді
Қазақстанда депозиттер үшін ең жоғары мөлшерлеме көбейеді
Фото: prodengi.kz
446
оқылды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемені арттырады. Қор теңге депозиттері бойынша 2022 жылдың маусым айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті. 3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме өзгеріссіз қалды. 12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді нарықтық ставканың өсуіне байланысты сәйкесінше, 0,1 пайыз және 0,2 пайызға жоғарылады.    width=