Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп өзгертілді, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген құжатта.