Ер адам егде жастағы әйелді аямай ұрып тастады
Ер адам егде жастағы әйелді аямай ұрып тастады
Алматы қаласында ер адамның егде жастағы әйелді ұрып-соғып, тепкінің астына алып жатқанын айғақтайтын бейнежазба тарады. Бұл оқиға Алатау ауданындағы жеке секторда болған. Бейнебақылау камерасына түсірілген көріністен алдымен екі әйелдің арасында жанжал шығып қалғанын көруге болады. Кейін ер адам келіп, зейнеткерді ұра бастайды. Толық ақпарат әлі жарияланған жоқ. Алматы полициясы тексеруді 1 мамырдан бастады. «Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне құқық бұзушылардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинап, есепке алуды қамтамасыз ету тапсырылды», – деп хабарлады полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов желідегі парақшасында. Тексерістің барысы мен нәтижелерін Алматы полиция департаменті бақылауға алады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Ескерту: бейнежазбада ауыр көріністер бар