Екібастұзда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
Екібастұзда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
339
оқылды
Екібастұзда пәтерден ер адамның денесі табылды. Молдағұлова көшесі, 47/5 мекенжайы бойынша тұратын ер адам екі күн бойы әлеуметтік қызметкерге есік ашпаған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен құтқарушылар полиция қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкердің қатысуымен арнайы құралдың көмегімен есікті ашқан.
"1956 жылы туған ер адам бөлмелердің бірінен тіршілік белгілері жоқ күйде табылды. Павлодар облысының ТЖД тұрғындарды қырағы болуға және кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауға шақырады. Қарт туыстарыңызға жиі барып, кіреберіс есіктерінің қосалқы кілттері өзімен бірге алып жүрулерін сұрайды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Дүйсембаев көшесі, 26/21 мекенжайында орналасқан пәтерде қарт адам құлап, өзі тұра алмаған. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, полиция қызметкерлерінің және туысының қатысуымен үш иінді баспалдақтың көмегімен екінші қабатқа көтерілген және арнайы құралдың көмегімен терезеден пәтерге кірген. 1935 жылы туған ер адам бөлмеде еденде жатқан. Медициналық көмектен бас тартқан  соң туыстарына тапсырылды.