Қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматының Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында хабарлады.
Тексеруге әлеуметтік желіде жарияланған видео себеп болды. Видеода вайнер қауіпсіздік белбеуін тақпаған.
Абдрахмановтың мәліметінше, Алматы ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады.
"Т. әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Айта кетейін, жолда бұлай жүруге болмайды", - деді Абдрахманов.