Түркиядағы студенттік жылдарымды қысқаша айтып жеткізу қиын. Оқуға түскен алғашқы күннен бітіргенге дейін танысқан кісілерім, бірге ойнап-күлген достарымыз, естеліктерімнің барлығын бір кітап ғана сыйдыртады. Түркияның әрбір жерінде «үйім» дей алатын жер бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, Түркияда оқыған достарыммен танысқаным үшін де шексіз бақыттымын. Бүкіл Түркия, оның ішінде өзім оқыған, ең әдемі және ыстық естеліктерге толы - Ескішехир қаласы менің Отаныма айналды. Өмір бойы солай қала бермек.
Дональд Кале - Албания Анадолы университеті Археология кафедрасы
МӘҢГІ ЕСТЕ ҚАЛАТЫН ЕСТЕЛІКТЕР Менің Түркиядағы оқу жылдарынан қалған, қысқа айтып жеткізуге қиын және мың бетті толтырар естеліктерім бар. Өмірімнің ең қызықты сәттері болып табылатын студенттік өмірімді Түркияда өткізу мен үшін жемісті, ұмытылмас және ерекше жағымды тәжірибе болды. Мен университет пен Түркия шәкіртақысы бағдарламасы әзірлеген барлық іс-шаралар мен басқа да шаралардың арқасында құнды тәжірибе жинадым және көптеген адамдармен танысу мүмкіндігіне ие болдым.Урсула Пол - Мадагаскар Чукурова университеті Медицина
ЖОЛЫМ БОЛДЫ Адамдар өз көзімен өмірінде бір рет көруді армандайтын осы елге келіп өмір сүргенім үшін өзімді жолы болған адам ретінде сезінемін. Зыр етіп өте шыққан оқу жылдарымда үйренген білімімнің, берген мүмкіндіктерімен өз жолымды әрі қарай жалғастырамын. Жеке басым және өзім секілді әлемнің жүзмыңдаған студенттеріне берген мүмкіндіктері үшін шетел түркілері және туыс қауымдастық төралқасы бағдарламасына алғысымды және асқан құрметімді білдіргім келеді.Миериекие Амантай – Моңғолия Анкара Йылдырым Беязит университеті Денсаулық сақтау саласы экономикасы
ОТАНЫМА ҰМЫТЫЛМАС ЕСТЕЛІКТЕРМЕН ОРАЛАМЫН Түркиядағы студенттік жылдарым өте қызықты өтті. Түркияда жоғары сапалы білімге қоса көптеген адамдармен танысып, жылы достық қарым-қатынас құрдым. Оқу барысында түрік, ағылшын және неміс тілдерін меңгеріп, түрлі курстарға бардым. Сол курстардың ішінде өзімді қатты қызықтырғандардың бірі ебру өнерін бастағаным болды. Ебру өнерін 4 жыл бойына үйрендім. Қазақстанға оралған соң психологияда ебру терапиясын қолдануды еңгізуді көздеп отырмын. Сонымен қатар Түркия студенттерге барлық мүмкіндіктерді ұсынатын ел. Өзім Түркиядағы оқу жылдарында бала күнгі көптеген армандарымды жүзеге асырдым. Маған берген бұл мүмкіндіктері үшін Түркия шәкіртақысы бағдарламасына, әсіресе Түркия Республикасына алғысымды білдіргім келеді. Мен, Отаным – Қазақстанға ұмытылмас естеліктермен оралатын болдым.Әлихан Жамалов – Қазақстан Анкара Йылдырым Беязит университеті Психология
БАР БОЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ! Түркияда өткен қызықты күндердің соңғы айларындамын және дәл қазір мұны жазып жатқаныма сене алар емеспін. Уақыт өте тез өтеді екен. Мен бұл өткендерімді тағы бір қайталағым келеді. Мен Ыстамбұлдағы алғашқы жылымды үнемі саяхаттаумен өткіздім. Тілді көбіне кісілермен сөйлесу арқылы үйрендім. Әртүрлі жерлерге барып, түрлі адамдармен кездестім. Оқуымыз өте қиын болды және өте көп оқыдық. Бірақ мен осы бөлімді таңдағаным үшін өкінбедім. Мен ұшін Ыстамбұл секілді тарихы терең қалада сәулет мамандығына оқу өте құнды тәжірибе және өте жақсы мүмкіндік болды. Маған берген осы мүмкіндіктері үшін YTB-ге алғыс білдіргім келеді. Маған осы мүмкіндікті бере отырып сіз менің өмірімнің ең құнды сәтін тудырдыңыз. Бар болғаныңыз үшін алғысым шексіз!Амина Сманжанин – Сербия Мимар Синан өнер университеті Сәулет өнері
МЕНІҢ ЕҢ ҮЛКЕН АРМАНЫМ ОРЫНДАЛДЫ Менің ең үлкен арманымды жүзеге асырғаны үшін Түркия шәкіртақысы бағдарламасына алғысым шексіз. Денсаулық саласында әлемнің жетекші елдерінің бірінде дәрігер болу үлкен мәртебе. Түркияның денсаулық сақтау саласы мен технологиялары және білім беру саласы мықты дамыған. Медициналық білім беру саласы маған ең жақсы деңгейде білім беріп қана қоймады, сонымен қатар өз мамандығым бойынша жетілуім үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынды. Мен үшін Түркиядағы студенттік жылдарым ең қызықты жылдар ретінде есте қалды және ол менің ең жақсы естеліктерімнің жинақталған елі ретінде есте сақталады.Рина Демьяха – Косово Стамбул университеті Джеррахпаша Медицина факультеті