Түркияның білім елшісі Түркия «Маариф» қоры (ТМҚ)
Түркияның білім елшісі Түркия «Маариф» қоры (ТМҚ)
297
оқылды
Түркияның «Маариф» қоры мәдениет пен өркениеттің ықпалдастығы арқылы ортақ игілікке жету жолында бір көпір болатын Түркияның халықаралық білім беру саласындағы әлемге ашылған қақпасы. Коммерциялық емес, қоғам игілігі үшін жұмыс істейтін қор болып табылатын Түркия «Маариф» қоры әр өңірден мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейінгі білім берудің әрбір сатысында тиісті іс-шаралар жүргізу арқылы әр елде қызметін жалғастыруда. Түркия «Маариф» қоры (ТМҚ) Түркия Республикасының атынан шет елдерде ресми және ауқымды түрде білім беру қызметтерін атқару үшін Түркияның Ұлы Ұлттық мәжілісі тарапынан 2016-шы жылы қабылданған заңға сәйкес құрылды. Қор адамзаттың ортақ құндылықтарына сүйене отырып Түркияның атынан әлемнің түрлі географиялық кеңістіктерінде мектепке дейінгі білім беруден жоғары білімге дейінгі білім берудің барлық сатысында халықаралық білім беру қызметтерін атқаруда. 2016 ЖЫЛЫ АЛҒАШҚЫ ОҚУ ОРНЫҢ АШТЫ 2016 жылдың қыркүйек айында ТМҚ ресми органдарын құру арқылы өзінің құрылу процесін аяқтап, 2016 жылдың аяғына дейін екінші дәрежедегі заңнама мен ұйымның құрылымдық әдістемесін қалыптастырды. Бұл жұмыстарға қарамастан сол жылы шетелдегі алғашқы оқу орның ашты. ОРТАҚ ИГІЛІККЕ ЖЕТЕЕГЕН ЖОЛ Адамзаттың игілігі үшін «өнегелі тұлға» тәрбиелеу үшін және бүтін адамзатты ізгіліктің ортақ мүддесінде біріктіру мақсатында өз қызметін бастаған Түркия «Маариф» қоры мәдениет пен өркениеттің өзара әрекеттесуін адамзатты «ортақ игілікке» жеткізудің бір жолы деп санайды. Қор өз студенттерінің көп салалы және инклюзивті білім беру тәсілімен білім, дағдылар, көзқарастар мен құндылықтарын қалыптастыра отырып академиялық жетілулерін аяқтауды көздейді. Сонымен бірге бір-бірінен алшақ, бірін-бірі білмейтін қоғамдар арасындағы достық көпірлерін құрып, оларды нықтап орнатуды көздейді. ҚОР 47 ЕЛДЕ БІЛІМ БЕРІП ЖАТЫР Бүгінгі таңда Азиядан Африкаға, Солтүстік Африкадан Еуропаға, Оңтүстік Амеркадан Австралияға дейін қызмет беріп келе жатқан Түрік «Маариф» қоры 67 елде 427 оқу орны және 44 жатақханасында 48 293 оқушыға/студентке ұсынған білімімен бүтін әлемде «өнегелі тұлға» тәрбиелеу үшін қызметін жалғастырып келеді. Мектепке дейінгі білім беруден жоғары білімге дейінгі барлық сатыларда білім беру мен ағарту қызметін ұсынатын қорымыз көптеген елдерде білім беруді қолдап, тұратын жер және мәдени іс-шаралар секілді қызметтері арқылы білім беру байланыстарын күн өткен сайын жетілдіріп келеді. МААРИФТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ТҮРКИЯҒА КЕЛІҢІЗ Түркия «Маариф» қоры құрған Маариф агенттігі 49 елде жұмыс атқарады. Маариф агенттігі бакалавриат, магистратура және PhD докторантурада білім алғысы келетін талапкерлерге Түркияның 207 университетіне түсуге ақпараттық кеңестер ұсынады. Бұған қоса АҚШ, Канада, Англия және Еуропадағы университтерге түсуге де мүмкіндіктер ұсынады. Сондай-ақ Маариф агенттігі арқылы Түркия, Англия және Америкада ұйымдастырылатын жаз курстарының бағдарламаларына қатыса аласыз. ТҮРКИЯДА УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚЫҒЫҢЫЗ КЕЛЕДІ МЕ? Маариф агенттігінің интернет парақшасының Түркиядағы барлық университеттер жайлы ақпарат ала аласыз. Оқығыңыз келген қаланы, университетті және мамандықты таңдаңыз. Университетке тіркелу үшін қажетті құжаттарды www.maarifagency.com сайтына жүктеңіз. Сізге университетке қабылданғаныңыз жайлы ақпаратты жібереміз. Түркияға келгенде сізді әуежайдан қарсы алып, университетіңізге дейін жеткізіп саламыз. Университеттегі оқуыңыздың барысында қалатын жатақханаңызға байланысты көмектерімізді ұсынамыз.