Болашақтың тылсым сырларын ашыңыз: Қожаелі медицина және технология университеті
Болашақтың тылсым сырларын ашыңыз: Қожаелі медицина және технология университеті
403
оқылды
Еуропа білім қорының 2009-шы жылы білікті денсаулық сақтау саласының мамандарын дайындау үшін Ыстамбұлда құрдығы Еуропалық кәсіптік мектептің 17.04.2020 жылы университетке айналуымен Қожаелі медицина және технология (KOSTÜ) атымен Қожаелі құрылған алғашқы қор университеті атанды.

БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ НАҚТЫ МАҚСАТ

Қожаелі медицина және технология университеті Түркияның медицина саласының қызметкерлеріне деген қажетілігін ғана емес, сонымен қатар басқа да елдердің білікті медицина саласының мамандарына деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету қызметін бастады. Университет бүгінгі жаһанданған дәуірде ақпараттық технологиялардың бас айналдыратын қарқында дамуынан ортаға шыққан мүмкіндіктерді қолдана отырып, тек өзі орналасқан географиялық кеңістіктің ғана емес, сонымен қоса қолжетімді әрбір өңірдің, ортаның, мәдениеттің және қауымдастықтың университеті болу жолында адым атып келеді. Біздің болашаққа деген көзқарасымыз бен мақсатымыз айқын. Бұл тұрғыдан алғанда Қожаелі медицина және технология университеті өзі орналасқан географиялық кеңістікпен шектелмейтін және шекаралардан асқан байланыс құралдарының барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып әлемге бағытталған жоғары оқу орны болуды мақсат етеді.

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ АЙҚЫН ТҰЛҒАЛАР

Жаһандану дәуірінде жергілікті және әлеуметтік құндылықтары тез құлдырап, мәдениет және әлеуметтік өмір біртектес болып келе жатыр. KOSTÜ әлеуметтік құндылықтарды, мәдениетімізді қалыптастырған тұлғалардың еңбектерін құрметтейтін және осы процестің дамуы мен нығаюына үлес қосатын тұлғаларды тәрбиелеуді көздейді. Қожаелі медицина және технология университеті білікті және сұранысқа ие мамандарды тірбиелеуді көздейді. Университетімізді бітірген әрбір студент еліміздің білікті жұмыс күшіне деген қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қоса әлемдік еңбек нарығында да үлкен сұранысқа ие болатындығына сенімдіміз.

ӘЛЕУМЕТТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗУГЕ ЖӘНЕ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУҒА ЫҢҒАЙЛЫ СТУДЕНТТІК ҚАЛАШЫҚТАР

Университетте студенттердің оқу процесінің басқа әлеуметтік, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысуға барлық мүмкіндіктері қарастырылған. Университеттің студенттер құрған 17 студенттік клубы бар. Студенттік клуб құру үшін 4 студенттің бірігіп өтініш білдіруі жеткілікті. Клуб құрылған жағдайда университет қаржылық және басқа да қолдау көрсетеді. Университетімізде студенттік театрдан фотоклубқа, саяхатты жақсы көретіндердің клубынан бастап табиғатты қорғау клубына дейін түрлі клубтар жұмыс істейді. Бұл студенттерімізге әртүрлі қызықты мүмкіндіктер береді. Сонымен қоса студенттік қалашықта студенттеріміздің спортпен шұғылданулары үшін жабық және ашық спорт залдар, іс-шара ұйымдастырулары үшін конференц-залдар және уақыт өткізулері үшін жасыл алаңдар қарастырылған.

БІЗ ӘЛЕМ АЗАМАТТАРЫН ТӘРБИЕЛЕП ЖАТЫРМЫЗ

KOSTÜ-нен бітірген әрбір студент әлемнің кез-келген жерінде мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алады. Студенттеріміз ЭРАЗМУС бағдарламасы бойынша әлемнің түрлі елдерінде 1 немесе 2 семестр оқу мүмкіндігіне ие бола алады. Ағылшын тілін жетік меңгерген студенттеріміз ғылыми әдебиеттерді еш қиындықсыз меңгере алады. Бұған қоса біз түрлі елдерден келген студенттерімізге TÖMER-де (Түрік тілін оқыту орталықтары) әлемнің ең ескі тілдерінің бірі саналатын түрік тілін де үйретеміз.