Құндылықтар қалыптастыратын университет Ескішехир Техникалық Университеті
Құндылықтар қалыптастыратын университет Ескішехир Техникалық Университеті
491
оқылды
«Құндылықтар тудыру арқылы өзгерістер мен қайта құрудың үздігі болу» ұстанымымен студенттерінің академиялық, жеке, мәдени және әлеуметтік дамуына жоғары деңгейде үлес қосып келе жатқан Ескішехир техникалық университеті 14 мыңнан астам студенті және 726 профессорлық-оқытушы құрамымен ашық, белсенді, тұрақты және бірлікте табысқа жетуге жол бастаған, басқару жүйесі арқылы қалыптасқан үлкен бір отбасы. Ескішехир техникалық университеті (ESTÜ) 2018 жылдың 18 мамырында жаңа атауымен құрылғанымен, тарихы 1968 жылы Химия инженериясы колледжінің ашылуынан бастау алатын, тарихи және тәжірибелі жоғары білім беру орталығы. Университет «Құндылықтар тудыру арқылы өзгерістер мен қайта құрудың үздігі саналатын университет болу» ұранымен және инновацияға деген ұмтылысымен оқу-ағарту, зерттеу және қоғамға қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын және академиялық, салалық және әлеуметтік ынтымақтастықпен үздік екендігін көрсетіп келеді. ESTÜ 14 мыңнан астам студенттермен, 726 профессорлық-оқытушы құрамымен және 813 әкімшілік қызметкерімен ашық, белсенді, тұрақты және бірлікте табысқа жетуге жол бастаған, басқару жүйесі арқылы қалыптасқан үлкен бір отбасы. 3 СТУДЕНТТІК ҚАЛАШЫҒЫМЫЗ БАР ESTÜ білім, мәдениет және студенттердің қаласы болып табылатын Ескішехирдің орталығында орналасқан 3 түрлі студенттік қалашықта қызмет көрсетеді. Авиация және ғарыш ғылымдары факультеті, Инженерлік факультеті, Сәулет және дизайн факультеті, Дене шынықтыру факультеті және Бакалавриаттан кейінгі білім беру институты қала орталығынан небәрі 12 км қашықтықта орналасқан. İki Eylül студенттік қалашығында орналасса, Порсук кәсіптік мектебі және Көлік қызметтері кәсіптік мектебі қала орталығындағы Порсук студенттік қалашығында, Жаратылыстану ғылымдары факультеті Юнус Эмре студенттік қалашығында қызмет етеді. авиация АВИАЦИЯ МАМАНДАРЫН ОҚЫТҚАН АЛҒАШҚЫ УНИВЕРСИТЕТ Авиация және ғарыш ғылымдары факультеті, азаматтық авиация саласы үшін ұшқыштарды, әуе қозғалысы диспетчерлерін және техникалық қызметтер көрсететін қызметкерлерді дайындайтын Түркиядағы «алғашқы жоғары білім беретін оқу орны» болу артықшылығына ие. Авиация секторы үшін білікті жұмыс күшін дайындап келе жатқан және инфрақұрылымын саланың қолдануына ашқан Факультет 2 Eylül студенттік қалашығында орналасқан оқу-ағарту қызметтерінен басқа халықаралық Хасан Полаткан әуежайын да басқарады. Сонымен қатар университтегі сейсмикалық изолятордың сынақ зертханасы осы саладағы әлемдегі 5 зертхананың бірі болып табылады. Сонымен қоса Нано-өлшем зертханасы да Түркияның осы саладағы маңызды орталықтарының бірі болып табылады. ИНСТИТУТТАР ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚТАР Оқу бағдарламалары жүргізілген фаультеттер, институттар және кәсіптік мектептерден басқа Жер және ғарыш ғылымдары институты (YUBE), Күндізгі және қашықтықтан білім беру қолданбалы зерттеу орталығы (ESTUZEM), Қоршаған орта мәселелері қолданбалы зерттеу орталығы (ÇEVMER), Азаматтық авиация қолданбалы зерттеу орталығы (SHAUM) және Заманауи технологиялар қолданбалы зерттеу орталығы (İTAM), академиялық және салалық ынтымақтастыққа негізделген зерттеулер мен жобалаудың жүзеге асырылған маңызды орталықтары болып табылады. СТУДЕНТТІК ҚАЛАШЫҚТАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ Жыл бойына студенттердің белсенділігі тоқтамайтын İki Eylül студенттік қалашығы 471 гектар жерде орналасқан мықты орталықтарымен, ашық және жасыл алаңдарымен студенттерге көптеген мүмкіндіктер ұсынады. ● 11 СПОРТ КЕШЕНІ БАР ● ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРҒА ШЕКСІЗ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК СТУДЕНТТЕРГЕ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ МАҢЫЗДЫЛЫҚ БЕРЕТІН УНИВЕРСИТЕТ Университетте білім беру қызметін 15-і тиісті уәкілетті ұлттық органдармен аккредиттелген 26 бакалавриат бағдарламасы, 17 дайындық және 82 бакалавриаттан кейінгі білім беру (магистратура, PhD докторантура, өнер шеберлігі) бағдарламасы аясында ұсынып келеді. Бакалавриаттан кейінгі білім беру институты университеттің ең көп шетелдік студент оқитын бөлімшесі болып табылады. Жоғары білім беру кеңесінің басым салаларға зерттеуге берген 100/2000 PhD докторантура стипендиясы және TÜBİTAK-тың қолдауымен 2244 Өнеркісіп бағдарламасы аясында қолдау көрсетілетін студент саны бойынша да ESTÜ үздіктердің бірі. Студент деканаты және Зерттеу және бакалавриаттан кейінгі білім дирекциясы бар бірнеше университтердің қатарында болуы ESTÜ-дің студенттерге және зерттеулерге ерекше маңыздылық беруінің ең маңызды көрсеткіштерінің екеуі болып табылады. Студент деканаты – студенттердің білім алуы барысында академиялық және әлеуметтік дамуына үлес қосатын және оларды жаһандық деңгейде білікті тұлға ретінде іскерлік өмірге енуіне қолдау білдіру тұрғысынан қызмет атқарған бір құрылым. Студент деканаты мамандық таңдау мен маңсапты жоспарлау және шәкіртақыны қарастыру барысында ESTU-ге оқуға түскен барлық студенттерге жол көрсетеді. Осы аспектіде басқа мемлекеттік университтерден ерекшеленіп тұратын ESTÜ Студент деканаты өз қарамағындағы жоспарлама нәтижесінде талапкерлерден түлектерге дейінгі барлық ауқымда қызмет етеді. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ Жаһандану іс-шаралары университеттің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Дайындық және бакалавриаттағы білімнен бастап студенттерін халықаралық стандарттарда жабдықталған және бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелеуге тырысатын ESTÜ халықаралық ынтымақтастығымен әлемдік стандарттарға сай оқу-ағарту саясатын жүзеге асырады. Студенттер мен қызметкерлер алмасуға мүмкіндік беретін Эразмус бағдарламасы аясында ЕО елдеріндегі 20 мемлекетте 38 университетпен 203 келісімшарт жасалды. YÖK тарапынан қолдау көрсетілген Мәулана алмасу бағдарламасы аясында 14 елдегі 28 университетпен 167 келісім бар. Озара ортақтасып қызмет ету туралы меморандумға (Memorandum of Understanding) қол қойған халықаралық университтердің саны да 32.