Конституцияны жаңартпай Жаңа Қазақстан құрылмайды
Конституцияны жаңартпай Жаңа Қазақстан құрылмайды
307
оқылды
Мемлекет басшысының Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізу туралы бастамасы Ата Заңымызда жазылған басты қағидаға негізделген. «Қазіргі Конституциямызда «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп нақты әрі түсінікті жазылған. Осы қағидаға сүйенетін болсақ, Ата Заңымызға енгізілетін кез келген өзгерісті жалпыхалықтық референдум арқылы халықпен кеңесіп, қабылдау керек. Сондықтан мен Президентіміздің бұл бастамасын толық қолдаймын. Сонымен қатар бұл ұсыныс – ел Президенті жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың лайықты жалғасы. Референдум арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді жаңарту және Жаңа Қазақстан құру бағытындағы өзі белгілеген бастамаларды жүйелі түрде жал­ғас­тырып отыр. Ашығын айтқанда, біз халықпен кеңесіп, пікірлесу жағын сәл естен шығарып алдық. Елімізде ширек ғасырдан астам уақыт бойы бірде-бір референдум болған жоқ. Дәл қазір халықтың қолдауы Қасым-Жомарт Кемелұлына өзі бастаған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды іске асыру жолында батыл қадамдар жасауға жол ашады. Конституцияны жаңартпай әділетті, Жаңа Қазақстан құру мүмкін емес. Алдағы референдумда халық өзінің салмақты сөзін, салиқалы пікірін білдіреді деп сенемін. Ол үшін тек халықтың үніне құлақ түру қажет.

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, Сенат депутаты