"Ресейге Қазақстанның бірнеше қаласын беру керек": полицейлер желі қолданушысына қылмыстық іс қозғады
"Ресейге Қазақстанның бірнеше қаласын беру керек": полицейлер желі қолданушысына қылмыстық іс қозғады
© ult.kz
228
оқылды
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті әлеуметтік желі қолданушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. 
«Әлеуметтік желі қолданушысы Максим Яковченко қоғамда үлкен дау тудырған сөзі үшін жауап береді. Ол Қазақстанның бірнеше қаласын Ресейге беру керек деп жазған. Бұл сөзімен ол ұлтаралық араздықты қоздырды. Бұл факті бойынша Полиция департаменті ҚР ҚК 174-бабымен (Ұлтаралық араздықты қоздыру) іс қозғады», – делінген БҚО ПД хабарламасында.
Полиция департаменті әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жасап, мұндай арандатушылыққа ермеуге шақырады, сондай-ақ осындай сөздер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
«Барлық азаматтарға бір-біріне сыйластық қарым-қатынасты сақтау керек, мұндай сөздер біздің қоғамға жік салып, дау-жанжал тудыруды көздейді. Сондықтан арандатушылыққа жол бермеңіздер», – делінген полицейлердің үндеуінде.

Бұған дейін қазақстандықтар елімізге тіл тигізген Тигран Кеосаянның мәлімдемесінен кейін ресейлік телеарналарды өшіріп тастауды талап еткен болатын.