Мектеп түлектері тарихтан емтиханды ауызша тапсырады
Мектеп түлектері тарихтан емтиханды ауызша тапсырады
©El.kz
1,492
оқылды
Биыл мектеп түлектері Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсырады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты, – деп жазады baribar.kz.  Оның айтуынша, қалған емтихандар жазбаша форматта өтеді. Биыл мектепті 155 мыңнан астам түлек бітіреді, 9-сыныпта 267 мыңнан астам оқушы оқиды. 9-сыныпқа арналған қорытынды емтихандар 28 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Олар төрт пән бойынша сынақтан өтеді.
"11-сынып оқушылары үшін емтихандар 27 мамырда басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. 11-сынып түлектері бес емтихан тапсыруы керек. 2022 жылы Қазақстан тарихы бойынша емтихан ауызша өтеді. Әр билетте үш сұрақ беріледі. Ең жоғары ұпай – 30", – деді Гүлмира Кәрімова.
Спикердің айтуынша, соңғы қоңырау 25 мамырда, аттестатты салтанатты тапсыру – 16-17 маусымда өтеді. Рәсім мектеп қабырғасында өтеді.
"Мектеп бітіру салтанатына аниматорларды, мерекелік агенттіктерді тартуға жол берілмейді. Сонымен қатар мерекелік үстел ұйымдастыруға, жалға берілетін автомобильмен экскурсия жасауға тыйым салынғанын атап өтті. Әкімшілік пен мұғалімдерге сыйлық үшін ақша жинауға, мейрамхана мен дәмханаларда кеш ұйымдастыруға да тыйым салынады", – деді Гүлмира Кәрімова.