Менің үйімде маған арнап ешқашан дастарқан жайылмаған – Айнұр Тұрсынбаева
Менің үйімде маған арнап ешқашан дастарқан жайылмаған – Айнұр Тұрсынбаева
1,506
оқылды
Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева өмірінде туған күнін тойламағанын айтты. Оның бұл әдеті бала күнінен қалған. Ол үйінде елге жаятын дастархан болмағанын есіне алды әлеуметтік желідегі парақшасында. «Санаулы сағаттардан соң 45 жасқа толамын. Мен өмірімде алаулатып, жалаулатып туған күнді тойлатпаған адаммын. Кішкентай кезімдегі ең үлкен қорқынышым – ешкім құттықтап келмесе екен дейтінмін. Себебі дастарханымыз бірде бар, бірде жоқ болатын. Тіпті үйде менің туған күніме арнап дастархан жайылмаған да екен. Сол белгісіз жайсыздық әлі бар. Биыл да туған күн тойламаймын», - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева». Айтыскер ақын өзінің туған күнінде желідегі оқырмандарын қайырымды іс жасауға шақырды. Ол «Айдың нұры» қоры арқылы мұқтаж жандарға баспана алып бергісі келетінін айтты. Ақырында айтыскер 17,5 млн теңге жинап, үш бірдей отбасыға баспана сыйлады.
«10 сағаттық тікелей эфирде бізге қажет болған 17 500 000 теңге толық жиналды. Бұл суммаға үш бірдей отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Аллаға шүкір! Бұл сомма Алланың қалауымен, сіздердің бірліктеріңіз бен жомарт жүректеріңіздің арқасында жиналды, достар! Біз біріксек күшпіз! Біз алмайтын қамал, аспайтын белес жоқ! Алғашқы баспана ақтөбелік Әйгерімге бұйырды. Әйгерім 3 баланың анасы, жасы 39-ға жетпей тағдырынан таяқ жеп, жоқшылықтың ащы дәмін татқан. Талма ауруы бар, үшінші топтағы мүгедек. Екі бөлмелі, барлық жағдайы жасалған баспана құны – 5 млн тг. Екінші баспананы Шымкенттен алдық. 19 жылдан бері құжатсыз жүрген Нағима есімді ана. Төрт баласының екеуі ауру. Құжаты болмағандықтан, мемлекеттен ешқандай көмек ала алмай отырған отбасы. Төрт бөлмелі, 10 сотық жері бар, жаңа баспананың құны – 7 млн тг.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Үшінші баспананың иесі — туа бітті зағип, жалғыз қызы да көзі көрмей туған, 1 топ мүгедегі Назира. Жаңақорғандық жалғызбасты әйелге 5,5 млн теңгенің 3 бөлмелі, ыстық-суық суы ішіндегі үй бұйырды!» – деп бөлісті А.Тұрсынбаева.