Алматы облысында жол апатынан екі ер адам қаза тапты. Тағы екеуі ауыр жарақат алды. Полиция департаментінің дерегінше, оқиға 4 мамырда Алматы – Бішкек тасжолының 96-шақырымында болған.
Куәгердің түсірген видеосынан қираған көліктер мен зардап шеккен адамдардың денесін көруге болады.
Полицияның мәліметінше, Toyota Camry көлігінің 23 жастағы жүргізушісі DAF FX ауыр жүк көлігін басып озбақ болған. Жоғары жылдамдықпен жүк көлігіне жанай өтіп, соның салдарынан жол бойында тұрған Газельге соқтығысты. Сол кезде Газель жүргізушісі мен жолаушысы дөңгелек ауыстырып жатқан.
Оқиға болған жерде 33 жастағы Газель жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушы қаза тапты.
Жарақат алған Toyota Camry жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жол апатына байланысты 345-бабы 4-тармағы бойынша іс қозғалды.