«Аруаққа тыныштық берсін» – Павлодарда зиратты арамшөптен тазалау үшін өртеген бе? (видео)
«Аруаққа тыныштық берсін» – Павлодарда зиратты арамшөптен тазалау үшін өртеген бе? (видео)
Фото: видеодан скриншот
636
оқылды
Pavlodarnews.kz Павлодар қаласынан Мойылды ауылына барар жолдағы мұсылман зиратында өрт болғаны туралы жазды. Дереккөздің хабарлауынша, Ораза айттың бірінші күні өмірден өткен аруақтарға Құран бағыштауға барған тұрғындар зират аумағы өртенгенін көрген.
Жолдасының өртенген қабірін көріп, күйінген тұрғын Әсем Құзыр: «Мынау өмірімізде көріп тұрған сұмдықтың үлкені шығар. Өмірден өткен аруақтарға тыныштық бермей, оларды мазалау, қабіріне өрт қою кімге керек болды? Шынымен де зираттың тазалығы үшін жасалған болса, әлеуметтік желілер арқылы арнайы хабарлауы керек еді. Өзіміз-ақ келіп, арам шөбін жұлып, тазалап кетер едік. Мынау енді не? Қара топырақты қара күлге айналдырғаны үшін кім жауап береді? – дейді.
Әсем Құзырдың айтуынша, кейбір қабірлердің алдын арнайы өртегенге ұқсайды.
«Себебі, өрт қабір ішіне кірмеген. Бір келкі формада, қураған шөп ғана жанған. Ал орны төртбұрыш болып қалып отырған», – дейді ол.
Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша бас имамы Жолдас Қажы  Қоспақұлы: «Асыл дінімізде тазалық иманнан дейді. Ол үй болсын, мешіт болсын, зират болсын таза ұстауымыз керек. Бірақ зиратты арамшөптен арылту үшін өртеуге болады дегенге мүлдем рұқсат жоқ. Тіпті, қабірстанды өртеу деген тарихта болмаған. Өз басым мұны адамдар әдейі істеді дегенге сенбеймін. Болашақта жаңадан қабірстан ашып, ысырапшылдыққа жол бермей, бай мен кедей бір деңгейде болатындай етіп, рәсім жасауды жоспарлап отырмыз», – дейді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Карлыгаш Хашымкызы (@karlygash_aibek)

Видео: Рavlodarnews.kz тілшісі Қарлығаш Хашымқызының Instagram-дағы парақшасынан алынды. Зират Павлодар қаласындағы ТҮКШ ЖК және АЖ бөліміне қарайды. Бөлімнің бас маманы Ғизат Смайлов зиратта өрт болғанын растады. «Бірақ зиратта даладағы қураған шөп өртенді. Оны ТЖ мамандары сөндірді. Бізге өрттің қайдан шыққаны белгісіз. Негізі бұл зираттың тазалығына, абаттандыруына «КазЭкспортШаян» ЖШС жауапты. Олар тендер арқылы бір жылға осы зиратты күтіп, баптауы керек, – деді Ғизат Смайлов.